Қайта жабдықтау-жаңа қызмет
КАМАЗ автокранын оттегі баллондарын тасымалдауға бейімдеп қайта жабдықтаудың нәтижесінде Компания елеулі қаржыны үнемдеді.
Автобазаның бұл бастамасы Үздіксіз жақсартулар жүйесінің жобалар тізіміне енгізілді.
Айта кетерлігі, осындай арнайы мамандандырылған техниканың тапшылығы салдарынан оттегі баллондарын тасымалдау үшін бұрын бөгде ұйымдардың техникасы тартылатын. Бұл өз кезегінде қосымша шығындарға және баллондарды уақтылы жеткізу кестесінің бұзылуына әкеліп отырған.
Осы мәселе ескеріліп кран жабдығы жөндеуге жарамсыз болып тұрған КАМАЗ автокранын қайта жабдықтау туралы шешім қабылданды.
Аталған жұмыстар сәтті аяқталып, қазіргі таңда оттегі баллондары межелі орындарға уақытында және кідіріссіз жеткізілуде. Жобаны іске асырудың жылдық болжамды экономикалық тиімділігі 3 миллион теңгеден асатын болады.