Миллионға тұрарлық шешім
Думпкарлы айналмалы құрамдарға техникалық қызмет көрсету пункттерінде апаттық жөндеу қажеттілігінің анықталуына байланысты локомотив құрамдарының нормативтен тыс тұрып қалу жағдайлары орын алып келген.
Техникалық тұрғыдан ақаусыз локомотив думпкарлы айналмалы құрамның дайын болуын күтіп тұрады. Бұл жағдай аршылымдарды тасымалдауға қажетті локомотив құрамдарының тапшылығына әкеліп, нәтижесінде тау-кен жабдықтарының жоспардан тыс тоқтап қалуына себеп болады.
Мәселені шешу мақсатында Богатырь жүк тиеу-көлік басқармасы депоның қарама-қарсы жағынан локомотивті кіргізіп-шығару сызбасын жетілдірді.
Нәтижесінде техникалық қызмет көрсету станцияларында локомотив құрамдарының жоспардан тыс тоқтап тұру уақыты 55%-ға қысқарып, 59,4 сағатты құрады. Бұл Компанияға бір жылдың ішінде 2 миллион теңге көлемінде қаржы үнемдеуге мүмкіндік берді.
Жобаның тиімділігіне орай, ол Үздіксіз жақсарту жүйесі жобаларының қатарынан тиісті орнын ала алды.