3 күнде жөнделді
CAT 834K бульдозері қатарға 3 күнде қайта қосылды!
Ал «Богатырь Көмір» ЖШС 1 млн теңгеден астам қаражатты үнемдеді!
Мәселеге келетін болсақ, жұмыс барысында бульдозердің қайырмасын көтеруге арналған гидравликалық цилиндрді бекітетін кронштейн сынып қалған. Жөндеу жұмыстары шұғыл қажет болғанымен, қажетті қосалқы бөлшек қоймада болмаған. Осындай қиын жағдайда Технологиялық көлік басқармасының білікті мамандары өздерінің шеберліктері мен тапқырлықтарын көрсетіп, бөлшекті өз күштерімен жасап шығарды.
Бұл шешімнің нәтижесінде жөндеуге тұру мерзімі 70 күннен 3 күнге дейін қысқарды, сонымен бірге. кәсіпорын 1 090 585 теңге көлемінде қаражатты үнемдеуге қол жеткізді.