Тиімді шешім миллиондарды үнемдеді

«ПЭ-2М(У) тартқыш агрегатының жұдырықшалы элементінің түйіспелерін қалпына келтіру» жобасы Үздіксіз жақсарту жүйесі аясында табысты жүзеге асқан жобаның бірі.  Жоба авторларының тиімді шешімі миллиондарды ұнемдеуге мүмкіндік берді.

8-ші техникалық қызмет көрсету жұмыстары аясында жүргізілетін 3-ші ағымдық жөндеулер циклі бойынша техникалық қызмет көрсету кезінде мыс түйіспелердің қалыңдығы тексеріледі, егер олар 7 мм-ден жұқа болса мыс түйіспелер ақаулы деп танылып, оларды ауыстыру қажет. Ал бұл шығын.

Осыған байланысты Теміржол жабдықтарын жөндеу дирекциясының жылжымалы құрамды жөндеу цехы мамандары ПЭ-2М(У) тартқыш агрегатының жұдырықшалы элементінің жылжымалы және жылжымайтын түйіспелерін қажетті өлшемдегі мыс пластиналарды ажыратылмайтын қосылыс арқылы қалпына келтіру бойынша технологиялық карталар әзірленіп, өндіріске енгізілді.

Нәтижесінде:

— 4 тартқыш агрегатындағы 432 түйіспе қалпына келтірілді;

— Жаңа бөлшектер сатып алудың қажеті болмады;

— 2023 жылғы қаңтар мен желтоқсан аралығында  11 004 204,24 теңге үнемделді.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу