Компания туралы
Менеджмент
Өнім
Сапа
“Богатырь” кеніші
Жобалар
Жеке құрам
Экология
Жаналыктар
Хабарландыру
Фотогалерея
Тарих
english  |  русский  |  Басты  |  Байланыстар  |  Экскурсия
 
 
2010-02-24

2009 жылы «Богатырь Көмір» - Қазақстандық «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен Ресейлік РУСАЛ компаниясының бірлескен кәсіпорны өз тұтынушыларына 34,8 миллион тонна көмір жөнелтті. Оның 20,85 миллион тоннасы – Қазақстанның, ал 13,95 миллион тоннасы – Ресейдің энергетикалық кәсіпорындарына жіберілді.

нақтырақ
2009-09-02

Шахтер күні қарсаңында “Богатырь Көмір” ЖШС Құрмет тақтасына жаңа есімдер пайда болды. 2008 жылғы кәсіпорын қорытындысы бойынша ілулі тұрған озат жұмымкерлердің портреттері алынып, оның орнына жаңа он жеті фото суреттер ілінді.

нақтырақ
2009-09-02

“Богатырь Көмір” ЖШС кеншілердің кәсіби мерекесі қарсаңында үздіктердің есімдерін атау ертеден қалыптасып, игі дәстүрге айналған.Мереке жақындаған кезде оларға ведомстволық наградалар тапсырылады, салтанатты жиындарда құрмет көрсетіледі, грамоталар мен ақшалай сыйлықтар беріледі.

нақтырақ
Барлық жаңалықтар

“Богатырь Көмір” ЖШС – көмірді ашық әдіспен өндіру бойынша қарқынды дамып келе жатқан Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі. Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін көмір көлемінің 70 пайызы Серіктестіктің үлесіне тиісті. 2006 жылы Серіктестік тұтынушыларға 41,6 миллион тонна көмір өндіріп жөнелтті. Сарапшылар қауымдастығының пікірі бойынша озық технологиямен қамтамасыз етілуі жағынан кәсіпорын Қазақстан көмір өнеркәсібі саласындағы көшбасшылардың бірі.

“Богатырь Көмір” ЖШС көмірі Қазақстанда да, сонымен бірге Ресейде де сұраныспен пайдаланылады. Жыл сайын көмірді экспортқа шығару жалпы өндірудің 50 пайызын құрайды. 2002 жылы Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар Министрлігімен Екібастұз тас көмір кен орнын “Богатырь” мен “Северный” кеніші аралығында 45 жылға игеруге контракт жасалынды. Серіктестіктің тау-кен жұмыстарын мерзімсіз жүргізуге лицензиясы бар.

Серіктестік көмір өндіру тиімділігін үнемі арттыруда. Кәсіпорынды алдағы уақытта дамытудың бағадарламасы әзірленіп ойдағыдай іске асырылуда. Көмір өндіру көлемі кеншілердің еңбек ақысына да әсер етуде. Соңғы бес жылда “Богатырь Көмір” ЖШС еңбек ақы қоры 1,7 есе, ал еңбек ақы 2,1 есе өсті.

“Богатырь Көмір” ЖШС-де еңбекті қорғау және қауіпсіздік аясында кәсіпорынның саясатын анықтайтын “Еңбекті қорғау бойынша профилактикалық жұмыстардың бірыңғай жүйесі туралы ереже” енгізілді. Ортаға үнемі талдау жасау, инновациялық жасалымдарды, озық құрал-жабдықтарды енгізу, бөлімшелердегі және жұмыс орнындағы ұжымдық қорғаныс құралдары өндірістік тәуекелдерді, қауіпті әрі зиянды өндірістік факторларды, еңбекшілердің жарақат алу мен ауруын азайтуға мүмкіндік береді.

Компания Павлодар облысы оның ішінде Екібастұз қаласында өткен барлық шараларға қайырымдылық және демеушілік көрсетіп, осы мақсатқа өзі жұмыс істеген кезеңде 3 миллиард тенге бөлді. Әсіресе, Павлодар қаласының мәдени-рухани өміріне әсер еткен, атап айтқанда Павлодар қаласының мәдени қорына, “Ертіс” спорт клубына, Благовещенск соборына, Павлодар мешітіне, Екібастұз қаласының қайырымдылық қорына, футбол командаларына тағы басқаларға аса мәнді қаржылық көмек жасалынды. Компанияның тікелей қатысуымен облыс орталығында айта қаларлықтай жаңа үлгідегі медициналық диагностикалық орталық салынды.

english  |  русский  |  Басты  |  Байланыстар  |  Экскурсия

Copyright © 2007
Bogatyr Coal. All Rights Reserved.

Design by ISD

Компания туралы
Менеджмент
Өнім
Сапа
“Богатырь” кеніші
Жобалар
Жеке құрам
Экология
Жаналыктар
Хабарландыру
Фотогалерея
Тарих