Адамдардың жүректері мен көңілдерінде
11.05.2018
Ұлы Жеңістің кезекті жылдығын меркелеген күні «Богатырь Көмір» ЖШС біріккен жастар қозғалысының белсенділері «Болашақ+» сауда орталығында тақырыптық флэшмоб ұйымдастырып өткізді. Соғыс жылдарындағы әндерді шынайы және шын жүректерімен орындаған жұмысшы жастардың патриоттық өрлеулеріне орталыққа келушілер қолдау көрсетті. Жиналғандар Ұлы Отан соғысындағы майдан даласынан оралмаған батырларды еске алып шырақтар жақты.
- Біз осындай атаулы күнде маңызды акцияны өткізе алғанымыз үшін қуаныштымыз, – дейді оны ұйымдастырушы Елена Чистякова, - біздің осы бастамамыз адамдардың жүректері мен көңілдерінен орын таба білгені сүйсіндіреді. Біз дәстүрлі музыкамен сүйемелдеусіз өткізуді шештік және мүлдем танымайтын адамдар әнге ілесе жөнелгендері үлкен әсер қалдырды. Барлығы мерекелік көңіл-күйде болды. Қатысқандар патриоттық әсерге бөленіп осы күннің маңыздылығын сезінді деп ойлаймын.
Осы ұлы күнге әрқайсысының ортақтастығын «Богатырь Көмір» жастар қозғалысының төрағасы Асылбек Нұрғалиев те атап өтті:
- Біз осыншама адамды жұмылдыра алғанымызға өте қуаныштымыз. Екібастұздықтардың Ұлы Жеңіс күні сияқты атаулы тарихи мерекеге немқұрайлы қарамайтындықтары сүйсінтеді. Бұл мерекеге қуанышты түрде ат салысқан жастар бастамаларын дамыту орталығына зор алғысымызды білдіреміз. Жағдайды пайдалана отырып, біздің барлық ұжымның атынан Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтағым келеді. Бейбіт аспан үшін басымызды иеміз!
Біріккен жастар қозғалысының ақпараты бойынша баспасөз қызметімен дайындалды.
Сурет «Богатырь Көмір» БЖҚ мұрағатынан алынды.