Youth Movement

Мерекелік концерт

10.05.2019

«Богатырь Көмір» біріккен жастар қозғалысының белсенділерімен және компанияның әлеуметтік даму тобымен Ұлы Жеңіс Күніне арнап ұйымдастырылған мерекелік концерт қаланың барлық тұрғындары үшін жағымды сыйлық болды.

Жас кеншілер бұл ерекше күнде өздерінің өнерлерімен нағыз бүкілхалықтық мереке атмосферасын көрсете білді. Олардың орындауындағы өте таныс және жүрекке ыстық, соғыс жылдарындағы әндер «Болашақ плюс» сауда ойын-сауық орталығында келген адамдардың көңілдерінен шықты. Ұлы Жеңісті мерекелеу күні аталмыш акцияларды өткізу көмір кәсіпорнының жастар ұйымы үшін дәстүрге айналғанын айта кеткен жөн.

Қанат АЛДАБАЕВ 

Сурет БЖҚ мұрағатынан алынды. 

 

алдағы тендердің тізбесіне