Youth Movement

"Жалынды" жастар

24.05.2018

Богатырь ЖКБ Жол-3 учаскесінің жол жөндеушісі Азамат Оздоев Өскеменде өткен Республикалық конкурста «Жалынды жастар» сұлтаны» болды.

Облысымыздың өнеркәсіптік алыптарында еңбек ететін жас мамандарды жинаған «Жалынды жастар» конкурсы астананың 20 жылдығын мерекелеуге арналып бесінші рет өткізіліп отыр. Биылғы жылы іс-шара өзінің шегін кеңейтті. Шығыс Қазақстаннан келген конкурсқа қатысушыларға павлодарлықтар мен қостанайлықтар қосылды.

Жігіттер мен қыздар екі жарыс күнінде жұмыс орнындағы жұмысбастылықтың жасампаздық пен шығармашылыққа бөгет болмайтындығын дәлелдеді. Музыкалық нөмірлердің көбі тікелей жұмыс мамандықтарына байланысты болды.

Азамат көрермендер мен төрешілер алқасын даусымен және ерекше дарындылығымен таң қалдыра отырып әнін тамаша орындап шықты. Көрсеткен таланты үшін жас жігітке «Жалынды жастар» сұлтаны» атағы берілді. «Жилстройбанк Казахстана» АҚ-ның ШҚОФ, Еркежан Мысаева «Жалынды жастар» аруы болды.

Сондай-ақ біздің кеншіге конкурсқа белсене қатысқаны үшін «Богатырь Көмір» компаниясының атына жазылған алғыс хат берілді.

Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Олега МАЛЬЧУК және altaynews.kz.сайтынан алынды.

 

алдағы тендердің тізбесіне