Youth Movement

Құзыреттілік деңгейі көтерілді

14.05.2018

«Богатырь Көмір» компаниясының жастар қоғамдық қозғалысының белсендісі Владимир Тюлин «Самұрық Қазына» корпоративтік университетінің шақыртуы бойынша астанаға барды. Онда ол «Жас Өркен» бағдарламасының жас мамандарымен кездесті және кеңесші ретінде олармен бірге бірқатар әлеуметтік акциялар өткізді.

«Самұрық Қазына» АҚ-ның «Жас Өркен» бағдарламасы былтырғы жылы басталды. 2016-2018 жылдары бакалавриат немесе магистратура бағдарламасы бойынша Қазақстандық және шетел жоғары оқу орындарын бітірген 600 үміткер-талапкердің ішінен 20 маман таңдалып алынды. Қазір олар «Самұрық Қазына» АҚ-ның төрт портфельдік компаниясында тағылымдамадан өтуде.  Бұл балалардың әлеуметтік-маңызды жобаларда құзыреттілік деңгейлерін көтеру үшін әлеуметтік акциялар ұйымдастырылды, олар оған «Богатырь Көмір» компаниясы Бас энергетик қызметінің шұғыл-диспетчерлік бөлімінің аға энергодиспетчері Владимир Тюлиннің басшылық етуімен қатысты. «Богатырь Көмір» ЖШС компаниясында алғашқы алмастырудан өткен Әділ Әбдіханов барлық іс-шараларда Владимирге көмектесті.

Тағылымдамадан өтушілер Ұлы Отан соғысының ардагері Нина Александровна Драгун мен Владимир Иванович Дровосековқа барды, «Астананың ақпейілдер клубының» ұсынысы бойынша мұқтаж отбасыларда, сондай-ақ SOS балалар ауылы мен жануарлар баспанасында қонақта болды. Әр белгіленген орынға олар құр қол бармады, оның орнына олардан шынайы таңданыс, жағымды эмоциялар, алғыс сөздер, әрине әлеуметтік-бағытталған жобаларды ұйымдастыру мен өткізуде мол тәжірибе алды.  

Марина ПОНКРАТОВА

Сурет «Богатырь Көмір» компаниясы БЖҚ мұрағатынан алынды.

 

алдағы тендердің тізбесіне