Кәсіподақ

Жас суретшілерді құттықтады

12.09.2018

«Батыр Көмір» жергілікті кәсіподақ басшылығы балаларды қорғау Күніне «Самұрық-Энерго жергілікті кәсіподағы» ҚБ-мен ұйымдастырылғын жыл сайынғы балалар суреттері конкурсының жүлдегерлерін марапаттады.

Конкурсқа «Самұрық-Энерго» энергохолдингінің құрамына енетін еншілес кәсіпорындар жұмыскерлерінің балалары қатысты. Олардың ішінде ата-аналары «Богатырь Көмір» компаниясында еңбек ететін 20 жас суретші болды.  

Ұйымдастырушылар конкурстың қорытындысын қыркүйектің басында шығарған, ал бүгін «богатырлық» жүлдегерлерді салтанатты құттықтау өткізілді. «Әкем, анам және мен - бақытты отбасымыз» атты тақырыпқа сурет салған 3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар арасында үшінші орын Агата Стацюкқа, төртінші орын Дамир Кухаевқа берілді. Суретте Республикамыздың астанасын бейнелеген 8 жастан 12 жасқа дейінгі қатысушылар арасында үшінші орынға Мадина Жакенова ие болды.

Балалардың барлығы өте жақсы тырысқандықтан, кәсіподақ өкілдері жүлделі орынды алмағандарды да дипломдармен және жұбаныш сыйлықтарымен марапаттау туралы шешім қабылдады. Оларға сыйлықтар келесі аптада беріледі.

Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Олега МАЛЬЧУК.

 

Кәсіподақтың мақалалар тізіміне