Үздіктер марапатталды
05.05.2018
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне ұштастырылып өтікізілген еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша айлыққа «Богатырь Көмір» локалды кәсіподағы атқарушы комитетінің мүшелері белсене қатысты. ЕҚ және ТҚ бойынша жыл сайын байқау-конкурсын өткізу тәртібі туралы Ережеге сәйкес «Богатырь Көмір» ЖШС-нің құрылымдық бөлімшелерінде «Үздік учаске», «Өндірісте зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсетудегі үздік команда», «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарды білудегі үздік жұмыскер», «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша ең үздік балалар суреттері» номинацияларында жеңімпаздарды анықтайтын конкурстық комиссия құрамына кәсіподақ комитетінің өкілі енді. Конкурс қорытындысы шыққан соң «Богатырь Көмір» локалды кәсіподағының атқарушы комитеті «Богатырь Көмір» ЖШС азаматтық қорғаныс және еңбекті қорғау жөніндегі басқармасымен бірге балалар суреттерінің жүлдегерлерін құрмет грамоталармен және сыйлықтармен марапаттады.
Атқарушы комитет Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің қарсаңында былтырғы жылғы жұмыс қорытындылары үшін кәсіпорынның ең белсенді техникалық инспекторларын құрмет грамоталармен және ақшалай сыйақылармен жеке марапаттады.
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.