Самрук-Энерго

Қазіргі шығарылатын қуатты жетілдіру және жаңадан шығарылатын қуатты іске қосу жөніндегі ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және оны іске асыру мақсатында 2007 жылғы 10 мамырда «Самұрық-Энерго» АҚ-мы тіркелді.

Қазір компанияның тобында 19 компания бар.

Компаниялар тобы қызметкерлерінің жалпы саны – 13 747 адамды құрайды.

Негізгі қызмет түрлері мен шығаратын өнімі мынадай:

• электр энергиясын шығару

• жылу энергиясын шығару

• электр энергиясын беру және бөліп тарату

• энергетикалық көмір өндіру

• энергетикалық объектілерді бұрынғы қалпына келтіру, кеңейту және салу.

Еншілес компаниялардың мыналарға лицензиясы бар: электр және жылу энергиясын шығаруға, беруге, бөліп таратуға, электр станцияларын, электр желілері мен шағын бекеттерін пайдалануға, қатты пайдалы қазбаларды өндіруге, энергетикалық құрал-жабдықты жобалауға, жасауға, монтаждауға және оны жөндеуге.