Өнім

Ашық әдіспен өндірілетін «Богатырь Көмір» ЖШС көмірі Қазақстан мен Ресейдің жылу электр станцияларында шаң тәріздес жағуға, сонымен бірге коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге арналған.

Екібастұз көмірінің жаққан кезде қазандық агрегаттарының қождануына жол бермейтін, қысқы уақытта теміржол вагондарында қатпайтын айрықша тұтыну ерекшеліктері бар.

Көмірдің негізгі шоғыры КСН (коксты, бірігу қасиеті аз, төменгі метаморфизді) маркасына жатады, Қазақстан мен Ресейдің жылу электр станцияларында шаң тәріздес жағуға және жартылай коммуналдық- тұрмыстық қажеттіліктерге (1383-2005 ҚР стандарты).пайдаланылады.

Жыл сайын Компанияның көмір өнімі (сапасы) тиісті сертификат берілуімен 1383-2005 ҚР стандарты және 1246-2004 ҚР стандарты бекіткен қауіпсіздік талаптарына сәйкес сертификатталады.

«Энергетикалық және технологиялық мақсаттарға арналған Екібастұз алабының тас көмірі. Жалпы техникалық жағдай» 1383-2005 ҚР стандартына сәйкес сәйкестік сертификаттарының іс-әрекеті таратылатын өнімдердің тізімі.

2006 жылдан бері «Богатырь Көмір» ЖШС тұтынушыларды жоғары сапалы көмірмен қамтамасыз ету мақсатымен көмірді өндіру мен сұрыптау бойынша жаңа технология енгізуде. Осылайша қабаттардың бастапқы күлділігі 1-38 %, 2-34%, 3-46 -48% болған кезде орташа күлділігі 43% және вагондағы көмір күлділігінің ауытқуы маршруттар бойынша + - 2,5% шегінде 100% көмір сұрыптауға қол жеткізіледі.

Компания жоғары тұтыну ерекшеліктері бар сапалы көмірді жеткізе отыра өз тұтынушыларына табысты іс-әрекет жасауға барынша жағдай жасайды.

Соңғы жылдары «Богатырь Көмір» ЖШС-не Қазақстан мен Ресейдің ірі энерго жүйелерімен, сонымен бірге көмірді тасу бойынша негізгі әріптестері «Богатырь Транс» ЖШС және «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық Компаниясы АҚ ұзақ мерзімді өзара қарым-қатынастарға қол жеткізудің сәті түсті.

Қазіргі уақытта Компания алдында жаңа өткізу нарығына өткізу және сатуда жеткен жетістіктерді нығайтуға арналған икемді тарифтік саясат әзірлеуге бағытталған жаңа міндеттер тұр.