Адамдар

Наталья Фролова

07.10.2019

Наталья Фролова – «Богатырь Көмір» компаниясының ардагері. Кәсіпорында 40 жылға жуық маркешейдерлік қызмет атқаруда. Ол өзінің болашақ серіктесі Галина Гребневамен бірге Абай техникумын бітірген соң Қарағандыдан Екібастұзға келді.

Наталья оқу орны декандарының қыздарды бұл мамандыққа түсуден айнытқылары келгендерін еске алады. Бірақ шаңды жұмыс пен ауыр жабдықтарды күн сайын тасу олардың таңдауларына бөгет бола алмады.

- Қазір макшейдерде негізінен әйелдер жұмыс істейді. Бұрын бұндай болмаған. Сонда да біздің жұмысымыз өзімізге ұнайды. Бұл – ең бастысы. Маркшейдерлер – тау-кен ісінің штурмандары, сондықтан өндірісте өзіңнің маңыздылығың мен қажеттілігіңді сезінесің.

 

Адамдар мақалалар тізіміне