Адамдар

Александр Гарифулин

07.10.2019

СРс(К) № 1146 экскаваторының машинисті Александр Гарифулин теміржолшы болғысы келген. Бірақ тағдыр жолы басқаша болып, ол қазір «Богатырь Көмір» компаниясының негізгі көмір шығарушы техникасын басқаруда. Александр роторлық экскаваторды алғашқы рет алты жасында көрді. Токарь әкесі кейде оны өзімен бірге кенішке алып баратын.

Машинистің он жыл бұрынғы экскаватордағы бірінші ауысымы әлі есінде:

- Алғашқы рет өзімнің жұмыс орныма көтерілген кезімде биіктік пен жауапкершіліктен қатты қорықтым.

Енді 1146-шы ол үшін өзінің туған үйіндей. Ал шындап келгенде, ол габариті бойынша тоғыз қабатты үй сияқты.

 

Адамдар мақалалар тізіміне