Адамдар

Таза біздіңше

07.03.2019

Кәсіпорында қызмет ететін 120-дан астам «богатырлық» күлбикештердің өкінішке орай өз кәсіби мерекелері жоқ. Мысалы Ресейде Кәсіби тазалаушы күніін 9-шы сәуір күні атап өтсе, Украинада наурыз айының соңғы жексенбісі – тұрғын үй комуналдық шаруашылық және тұрмыстық қызмет көрсету қызметкері күнін мерекелейді.  

Өкінішке орай, бұл қызметкерлердің атқаратын жұмыс көлемі тек олар бұл жұмыс атқарылмай қалса ғана байқалады. Тазалаушы, моншашы, кір жуушы, гардеробшы, сыпырушы сияқты қосымша қызметкерлерсіз компанияның жұмысын елестету мүмкін емес. Әсіресе өндірістік алаңқайда орналасқан  әкімшілік-тұрмыстық кешендерді. Бұл жерде май, мазут, көмір шаңымен қарбалас күнделікті жағдай. Әсіресе жаз мезгілінде өндірістік ғимарат аумағында әсемдік пен жайлылық жасау үшін қанша күш жұмсап, тырысады.

Сондықтан бұл қызметкерлерге мереке ұйымдастыру үшін арнайы күнді тосу міндетті емес. Күнделікті алғыс ретінде, орындығыңды жылжытып, қоқысты қоқыс жәшігіне тастап, «сәлеметсіз бе!», «сау болыңыз!», «рахмет!» секілді үш сөзді айтып отырса, олар үшін осы маңыздырақ. Біз үшін қиын емес.

 Марина ПОНКРАТОВА 

Фото Олег МАЛЬЧУКТІКІ. 

 

- «Богатырь» кенішінің ӘТК –нің тазалануға тиісті  жалпы аумағы 10 000 ш.м. құрайды 

- кәсіпорынның кір жуатын орны күніне 200 кг. арнайы киімді жуады. 

 

Адамдар мақалалар тізіміне