Адамдар

Шын жүректен шыққан дебют: спорт туралы ұйқасқа

20.10.2018

Гена Головкин, сен жеңілмейсің!

Гена Головкин, сен күштісің!

Ешқандай Канело сенен асып кетпейді.

Бокстың бизнес екендігі ешкімге құпия емес,  

Сондықтан да рефери жалған жауап берді!

Шайқастан кейін де сен өзіңді лайықты ұстадың,

Ешкімге ақталмастан, жыламастан,  

Канелоның жеңілгендігі туралы шындықты айттың.

Сол кезде T-Mobile Arena сені қолдады.

Бұл жерде кімнің чемпион екендігін барлығы да біледі,

Келесі күресте құлшынып, жеңіске де жетерсің.

Саған тең келетін қарсыластың жоқ екендігін,

Барлығына да дәлелдерсің. 

"Богатырь Көмір"әрдайым сенімен бірге!  

Күресіңді көріп, сені мақтан тұтамыз!

Біздің бас директор сені жақтап,

төреші үкімін шығарғанда ашуланды.

Сен жалғыз емессің, біз сенімен біргеміз

Батырларша күресте жеңеміз!  

 

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикандық Саул «Канело» Альварес арасында болған жанжал шайқасты көрген Бас энергетик қызметінің энергодиспетчері Нариман Саттаров осындай жан толғанысына толы және мықты жанкүйерлік қолдаудан тұратын жыр жолдарын жазды. Өзінің ақындық дебютін қағаз бетіне түсіру туралы ой «Богатырь Көмір» компаниясы  GGG қолдауға марафон жариялар алдында пайда болды және бұл марафонды еліміздің басқа да өңірлері қолдады.  

Нариманға спорттық рух жат емес – атақты дзюдошы, спорт шебері, көптеген қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстардың  жүлдегері, директордың орынбасары – «Богатырь Көмір» кәсіпорны «Богатырь» кенішінің аршу кешенінің бастығы әкесі Серік Саттаров сияқты өзі де күрескер-спортшы. Қазіргі кезде кенші Саттаровтар спортпен айналысуға шағын үзіліс жасады, бірақ екеуі де қазақстандық және халықаралық спорт ареналарындағы қайнаған өмірді үнемі қадағалап отырады. Ол екеуі де Геннадийге жанкүйер болды, екеуі де наразы болды, қазір екеуі де оның сенімді жеңістеріне қуанады.

- Өз тәжірибемнен, әкемнің тәжірибесі бойынша, компанияның теміржол көлігі жөнінде бас инженердің орынбасары, ағам Ерлан Саттаровтың және жол шебері, менің күрескер досым Дамир Смағұловтың тәжірибесі бойынша  медальдің қандай маңдай термен келетінін мен жақсы білемін. Бақытыма қарай, әділетсіз жеңілістердің дәмін татып көрген жоқпын, сондықтан біздің боксшыға жаным ашыды, - дейді Нариман.

Бірақ бейнетсіз зейнет жоқ дегендей, негатив пен ызаның жыр түрінде шыққаны Нариманды таңғалдырды.

Нариман Саттаров гиатарада жақсы ойнайды. Техникумда оқып жүргенде досы Әлішер Садықовтың арқасында бір аптаның ішінде гитараны меңгеріп алды.  

Марина ПОНКРАТОВА

Сурет Нариман Саттаровтың отбасы мұрағатынан алынды. 

 

Адамдар мақалалар тізіміне