Адамдар

Өмірдегі негізгі бағыт

07.09.2018

Ол «Өнеркәсіп көлігін пайдалану» факультетін аяқтап, өмірдегі көліктік құралдан басқа саланың сенімді басқарушысы болды. Міне 30 жыл бойы нәзік, бірақ жігерлі, әйгілі, батыл, бастамашы және үйірімпаз әйел, «Еңбек даңқы» белгісінің кавалері өзін «Богатырь Көмір» көмір шығарушы кәсіпорнының өндірістік білім беру жүйесіне арнады.  Оның ішінде 18 жыл ол компанияның оқу-курстық комбинатын басқаруда.  

Любовь Шарипова «Богатырь» кенішіне тау-кен техникумын бітірген соң он сегіз жасында келді. Тәжірибеден өткен ол «Узловая» станциясының сандық жүйеге көшіру орнында оператор болып қалды, ал бір айдан соң «Юбилейный» станциясына кезекші болып орналасты.

- Адамдар, қозғалыс – бұның бәрі менің тағдырым еді-, деп ой бөліседі Любовь Викторовна. Техникумға басында мен «Өнеркәсіптік құрылыс» мамандығына түстім. Бірақ алғашқы оқу күні кафедра меңгерушісі біздің топта 33 адам бар екендігін, ал «Өнеркәсіптік көлікті пайдалану» тобында 31 адам бар екендігін хабарлады, оқушылар санын теңестіру үшін кімнің ауысқысы келетіндігін сұрады. Мен сонда ауысуды қаладым. Мені біреу жібергендей тұрдым да кеттім. Бұным бекер емес болды, бұл менің тағдырым шығар.

Любовь Викторовнаны тағдыр аяққа тұруға, өзіне деген сенімділікті сездіруге көмек қолын ұсынған тамаша адамдармен тоғыстырды. Ол «Богатырь» кенішінің директоры Вячаслав Каландаришвилиді ерекше құрметпен еске алады:  

- Ол тамаша басшы болды. Біздің станциядағы 150 адамның аттарын білетін. Ол барлығына құрметпен қарады. Ол бізге сенім артты, сондықтан жалпы үлкен істегі өзіміздің маңыздылығымызды сезіндік. Жұмысқа деген құштарлығымыз артты және жұмысты да тез атқардық.

Үш жыл өткен соң оны «Богатырь» кенішіне қауіпсіз қозғалыс бойынша оператор болуға шақырды. Любовь Викторовнаның айтуынша бұл оған аса ұнамады. Сол себепті, «Восточный» кенішінің Восточный ЖКБ-да шағын оқу пункті ашылып, оған өндірістік оқытудан шебер керек болғанда ол қозғалыс пен адамдар көп жиналатын ортаға түсуге шешім қабылдады.

- 1985 жылдың 13 тамызында мен кәсіпорындағы мүлде басқа салаға тап болдым. Маған сеніп тапсырылған орында біздің кәсіпорындағы жұмыскерлер жақсы меңгеріп, құрметтейтіндей оқытудың сызбасын салуға тура келді. Бұл кезде маған «Экибастузуголь» ӨБ оқу-курстық комбинатының директоры Лариса Израильевна мен менің жақсы серіктесім Татьяна Кузнецова көп көмек берді. Алғашқы рет кіріспе нұсқамалықты оқыған кезде қорқыныш пен жайсыздықты сезіндім. Сөздерді дұрыс таңдау қажет болды. Тыңдаушылар есте сақтайтындай етіп ақпаратты жеткізу керек еді, адамдарды олардың көңіл-күйлерін түсіне білу қажет болды, себебі жұмыскерлердің үлкен ағымының ішінде лекцияға көңіл-күйсіз келетіндер, оқығысы келмейтіндер болды. Мен оларды оқыттым, ал олар мені оқытты деп айтса да болады.  

Мансабының қалыптасуында шешуші рөл атқарғандардың ішінде Любовь Шарипованың еңбек ұжымы да бар еді.

- Мені «Су каналының» оқыту пунктіне жұмыс істеуге шақырды. Мен Юрий Сергеевич Коваль басқарған тамаша ұжымға түстім. Бұл адам маған қызметкерлерді басқару элементтері бар еңбек қауіпсіздігі, өнеркәсіптік, өрт және кәсіби қауіпсіздік үйлестірілген өндірістегі оқытудың бейресми жүйесін құруға бағытталған әлеуетті ашты. Ал бұл жүйеде тек жұмыскерлерден шыққан мұғалімдер ғана еңбек етер еді.

Бұл оның қолын келді. Ол жеті жыл бірте-бірте өз ұжымымен берге бұрын болмаған оқытудың интеграциялық үлгісіне тәжірибе жасады, енгізді. Любовь Викторовна оны негізгі жұмыста ғана пайдаланып қоймай, өзінің жеке оқыту орталығында екібастұз кәсіпорындарына сабақ берді. 

Тоқсаныншы жылдардың аяғында оған өз орталығын жабып, «Су каналынан» кетуге тура келді, ол Надежда Остромецкиймен бірге туған көмір кәсіпорнының оқу комбинатына оралды. «Северный» кенішінің ӘТК жалғыз бөлмесі бар комбинат үшін 2000-2003 жылдары қиын кезең туды, жұмыскерлердің оқығылары келмеді. Осы үш жылдың ішінде оқу-өндірістік жүйесінің бес өнертапқышы кәсіби дайындықтың деңгейін жаңа сатыға көтерді. 2003 жылы оқу комбинаты өз мәртебесін ресми түрде растады. Любовь Шарипованың айтуынша басшылық пен ОКК мұғалімдері міндет қойды және оны қазіргі уақытта үздік атқарды. Кәсіби дайындыққа  өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау қауіпсіздігі, қауіпті жүкті тасымалдайтын жүргізушілерді даярлау, парамедиктер курстары, өрт минимумы, поезд тағылымдамасы, алдын ала оқыту үдерісін басқару, нұсқамалар қосылды. Қазір комбинатта 18 жоба ойдағыдай іске асырылуда. 18 адамнан тұратын ұжым жұмысының реттелгендігі арқасында қысқа мерзімде көмір шығарушы кәсіпорынның сапалы жұмыскерлерін дайындауға мүмкіндік беретін маневрлік жұмысқа қабілетті жүйені құру мүмкін болды.  

- Біз ОКК-ға қызметкерлер таңдадық, оларға қосарланбайтын қызметтерді бөліп бердік. Осындай ниеттес команда құру алға қойған жоспарларды іске асыруға мүмкіндік берді. «Қызметкерлерді басқару» жобасы үшін «Сенім» республикалық конкурсында жүлделі орын алу біздің қызметіміздің бағасы болды. Бүгінгі күні біздің комбинат оң нәтиже беретін оқытудың интеграциялық жүйесі бар Қазақстандағы жалғыз комбинат болып табылады.

 «Богатырь Көмір» компаниясының оқу-курстық комбинаты әр жұмыскермен тығыз қарым-қатынас жасайтын серіктестіктің ең маңызды бөлімшесі болып табылатындығын сеніммен айтуға болады. Бүгінгі күні ОКК-да сегіз сынып, БЖКБ-да, «Богатырь» кенішінде, ТКЖЖ зауытында шоғырландырылған үш оқу орны және Екібастұз тас көмір алабын өңдеуге байланысты жәдігерлер қоймасы – Еңбек даңқы залы бар. Ол арқылы тыңдаушылардың үлкен ағымы өтеді, жылына 12 мың адам.  

ОКК-нің басты құндылығы – өзінің күшті энергетикасының, құлышынысы мен арманының арқасында қол жеткізгендеріне тоқтап қалмай, айналасындағыларды үлкен іс пен жаңа жетістіктерге итермелейтін оның ұжымы және оның басшысы.

Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

 

Адамдар мақалалар тізіміне