Адамдар

Әке үмітін ақтаған

15.08.2018

Баянауылдың тумасы Ерлан Искаков «Богатырь Көмір» кәсіпорнына 2009 жылы келді. Ерланның кәсіпорындағы еңбек жолы техникалық дирекцияның еңбекті қорғау бөлімінде мемлекеттік бағдарлама бойынша жастар тәжірибесінен өтуден басталған. 2010-2012 жылдары  кәсіпорынның техникалық дирекциясының еңбекті қорғау бөлімінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер, 2013-2014 жылдары еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау қызметінде жетекші инженер, ал 2015-2016 жылдары Азаматтық қорғану және еңбекті қорғау жөніндегі Басқарманың бас маманы  қызметтерін атқарды. Кейін өзінің жоғары кәсібилігінің арқасында аталмыш Басқарманың бас маманынан еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау қызметінің бастығы сатысына дейін көтерілді.

Басқарушылық қызметке Ерлан 2017 жылы кірісті. Ерланның мансаптық өсуіне бұрынғы басшысы, қазір зейнет демалысына шыққан Жиловский Станислав Леонидович және қазіргі басшысы Попович Игорь Иванович қолдау көрсетті.

Ерланның негізгі қызметтік міндеттеріне өндірістік санитария, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау саласындағы ұйымдастыру және бақылау, серіктестіктің құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік көмек көрсету, сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласында жобаларды енгізу, т.б. жатады. Оған қоса, серіктестік жұмыскерлеріне «Қауіпті сәйкестендіру және қауіп-қатерлерді бағалау» тақырыбында оқытумен тренингтер жүргізеді. Ерлан Искаков өз білімін жетілдіруден еш жалыққан емес. 2005-2009 жылдары Инновациялық Еуразиялық Университетінде оқып, эколог мамандығына ие болды. Қорғаған дипломының тақырыбы: «Богатырь» кенішіндегі «Ковыльный» үйіндісінің эндогендік өрттерінің атмосфераға әсері».

2015-2017 жылдары Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «тау кен инженері (ашық қазбалар, тау кен ісі)» мамандығы бойынша білім алды. «Богатырь» кенішінің 5-9 егістік жерлерін, технологиялық жолдарды суару» тақырыбында дипломды сәтті қорғап шығады.

2012 жылы – «Lean Six Sigma» жобасы бойынша «үрдістерді оңтайландыру жобаларын енгізу» тақырыбында, 2013 жылы - «Қауіпті сәйкестендіру және қауіп-қатерлерді бағалау»  бағдарламасымен,   «СМ OXSAS-18001», «Еңбекті қорғауды басқарудың жүйесін енгізу» бағдарламасымен,  2017 жылы  - «МИЖ ішкі аудитор» бағдарламасымен, 2018 жылы «Еңбек жағдайында жұмыс орындарын аттестациядан өткізуді жүргізу» бойынша оқытулардан өтті.

Ерланның осы уақытқа дейін жеткен жетістіктерінде әкесі Серік пен анасы Рымкештің үлесі зор. «Бәрі маңдай термен келетінін ұғындырып, бала кезімнен санама құйған әкем мен анама ризашылығым шексіз», - ол. Ерлан үшін кезекті демалысын туған жері –                                                                                                    Баянауыл ауданындағы қара шаңырақта  әке-шешесінің жанында  өткізуден асқан бақыт жоқ. Ол үй маңындағы бақшаны баптап, ата-анасына қолғабыс етеді.  Жұмыстан бос уақытында балық аулап, суда жүзіп, баскетбол ойнайды. Бүгінде Ерлан жұбайы Әйгерім екеуі Еркеназ, Айлана, Ясмин атты үш қызғалдақты тәрбиелеп отыр.

2012 жылы қалалық байқауға басшылық етіп, ұжымдық жұмысқа қатысқаны Ерланның есінде ерекше сақталды. Әсіресе, өрт қауіпсіздігі жөніндегі жас маман ретінде дәрігерге дейінгі көмекті көрсету кезінде жақсы баға алғанына разы. Жалпы, сол жыл Ерлан үшін жемісті болды. Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күніне орай «Өртке қарсы әдіс» қалалық байқауында жүлделі 1-орынды, «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі ең үздік инженер» қалалық байқауында жүлделі 2-орынды иеленді.

Ерлан Искаков үнемі өзінің техникалық білімін арттырудан жалыққан емес. Ал бұл бағыттағы шаралар оның жұмысына оң әсерін тигізетіні анық. 2012 жылы «Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша анықталған бұзушылықтардан білдек жабдықтарының тоқтап қалу санының төмендеуі»; «Көліктік құралдарды пайдалану кезінде бұзушылықтардың төмендеуі»; «Серіктестік жұмысшыларын өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша уақыттан тыс оқыту деңгейінің төмендеуі»; «Пайдаланылатын құрылғыларды/жабдықтарды тексерудің мерзімі бойынша бұзушылықтар санының төмендеуі» жобаларын енгізу арқылы ол өз ісінің шебері екенін дәлелдеді.

2015 жылы жоғары кәсібилігі, көмір  өнеркәсібінің дамуына қосқан елеулі үлесі, адал еңбегі үшін Екібастұз қалалық мәслихатының Құрмет грамотасына ие болса, 2017 жылы еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау саласына қосқан үлесі үшін «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.

Еңбексүйгіштік, жауаптылық, талапшылдық, өз ісіне деген адалдық, қандай мәселеде болсын оңтайлы шешім қабылдай білу қасиеттеріне ие Ерланның  адал әрі мінсіз  қызметі кәсіпорын басшылығы тарапынан жоғары бағаға ие болды.  Биыл да оны жағымды жаңалық күтіп тұр. Тамыз айының соңғы жексенбісінде аталып өтетін кәсіби мереке – Шахтер күні қарсаңында «Богатырь Көмір» компаниясының бас кеңсесі алдында орналасқан «Еңбек озаттары» тақтасына Ерланның суреті ілінетін болады.  

Манар Ерботина

 

Фотосурет автордың жеке мұрағатынан алынды.

Адамдар мақалалар тізіміне