Адамдар

Шындыққа көз жеткізу

16.05.2018

Кейде біз  өз  аяқ астымызға қарауды ұмытып кетіп,  ғажайып нәрсе іздейміз.  Дәл сол төменде біздің үйреншікті  және бірқалыпты әлем туралы көзқарасымызды өзгертетін затты тауып алуымызға болады. «Богатырь Көмір» компаниясының геологы Нұрболат  Құрманғалиев ол туралы  қызықты көп нәрселер айта алады.  Оның жұмысымен жан  жүйесі  біруақытта өзін –өзі таныту, табыс   табу  және басқалармен қуана бөлісіп жүретін   әуесқойлығы үшін құрал бола  тұра,  бір-бірін сәтті тапты.

Екібастұздың жазықты дала аймағының аумағында бір кездері теңіздің шулағанын, жасыл шөптердің жұпар иісі аңқығанын, ал алып ағаштардың басы  көкті жауып, жоғары жаққа кеткенін елестетудің өзі қиын.Қиял-ғажайып секілді естіледі, бірақ, шын мәнінде, даусыз ғылыми  деректер айтып тұрғандай, солай болғанға ұқсайды.

- 360 млн. жыл бұрын Екібастұз аймағы теңіздің жағалау бөлігінде орналасқан – деп өз әңгімесін бастады Нұрболат Құрманғалиев. -  Теңіз артқа тартылған соң  340 млн-ға жуық жыл бұрын көлді-батпақты жағдайда жертезектерді жасау  үрдісі басталды. Кен қазбаның орнында өсімдіктер жамырап шыға  бастады. Жоғары өсімдіктер- ағаштар,  қырыққұлақтар және тағы басқалар көмір пайда болу үшін  бастапқы материал болып табылды. Шоқпарбасты батпақ өсімдігі   қысыммен жоғары температура әсерінен қоңыр, ал метоморфизациялау нәтижесінде тас көмірге айналған жертезектерді жасаудың барлық уақытында  сақталуы мүмкін.  Долбарлы есептер бойынша ондай қуатты көмір пайда болу үшін 5 км-ге жуық  жертезек  керек болды.  

Мазмұндалған қорытындылар кеніштердің аумағында табылған көптеген минералданған қазбаларды дәлелдейді.  Жұмыс барысында  кәсіпорын геологтары оларды көп мөлшерде табады.  Нұрболат Солтанұлында бағалы олжалар фотосуреттерінің толық топтамасы бар.  Әуесқой кеншілер экспонаттардың өздерін компания музейіне және қалалық музейге  табыстайды.

Кімде-кім тас болып қалғандарды қолында ұстауы бұйыртса,  өткеннен қалған  бұл «сәлемдемелер» кәдесыйды еске салатынына келіседі.  Бұлардың барлығында  әлем құпиясын өзімен бірге алып жүретін хикметтік орындауы бар. Әсіресе  таста мәңгілік қатып қалған өсімдіктер таңбасы және теңіздің ежелгі  мекендеушілер – ұлу қабыршағылар  әдемі көрінеді.

- Көмірлі түзілімдерде ағаштар қабығының таңбасымен  және сабақтарының түстерімен, спора тасушылардың бастарының таңбасымен,  грек жаңғағына ұқсас птеридосперма ағашының дәндерімен және қырыққұлақ дәндерімен ежелгі ағаштар – липидодендрондардың  көмірленген сабақтарының көптеген түстерін таба алдық.  

Бұл жерде теңіздің немесе аса ұсақ су қоймаларының болғанын теңіз фаунасымен сипатталған табылған заттар дәлел бола алады.  Қосжақтаулы ұлулармен ұлу қабыршақтарының, шаянтәрізділердің таңбалары бар тас болып қалғандар, қабыршақ және  бекіре, сүйрік және басқа да бекіре балықтар жататын шеміршексүйекті класты ганоидты балықтардың таңбалары, сонымен қатар көптеген макроскопикалық өсімдік қалдықтары және миоспорлар.

Табылған даналарды геолог  тығыз байланыста жұмыс жасайтын ПавГео Қазақстан ұлттық географиялық қоғамдастық бойынша өз әріптестерінің қатысуымен интернет және ғылыми әдебиет көмегімен теңдестіреді. Одан басқа ол   олардың тобының құрамында Екібастұз аймағы бойынша археологиялық экспедицияларда қатысады.  Сөз арасында айта кетейін, қызықты оқиғалар іздеушінің топтамасында «біздің ата-бабаларымнан қарызға алынған» деп,  өзі қалжыңдап айтқандай, бірнеше археологиялық заттар бар. Мысалы, ежелгі  шыңдармен нуклеус ұштарының көмегімен     алғашқы адамдардың жебеге арналған тас жаңқасын жасаған құралдар.  Одан басқа Нұрболат Солтанұлы ескі қызықты заттар жинауда.  Бұл  әуес ісі онда  әр бұрышта антиквар дүкеншелері кездесетін Владимирға барып келген соң пайда болды.

Геолог-топтамашы оның ісін  мамандық таңдауда әлі де анықтай алмай жүрген өзінің екі ағаларына қарағанда, әкесінің айналысып жүргеніне қызығушылық танытып жүрген  қызы жалғастыратынына сенеді.  Мүмкін, оның қызы да ерекше және таң қалатын затты  байқап, ерекше тәнті болумен өз  қуанышымен қарапайым адамдармен бөлісуді,  өзінің аяқ астына қарауды үйренер.

Марина ПОНКРАТОВА

Фото  Нұрболат  Құрманғалиевтің мұрағатынан.

Адамдар мақалалар тізіміне