Адамдар

Олег Дмитриевич Самойлик

08.02.2020

Отбасылық кәсіп

ТЖЖЖД «Богатырьская» ЖҚД-ның токарь-жонып қырнаушы Олег Дмитриевич Самойлик үшін токарлік іс – отбасылық іс.

Әкесі Дмитрий Иванович өмір бойы көмір өндірісінде токарь болып жұмыс істеген, қазір ол зейнеткерлік демалыста. Бала кезінде Олег  бірнеше рет әкесінің жұмысында болған және жай дайындамалардан қажетті бөлшек қалай шығатынын таң қалумен бақылайтын. Ол  әрқашан осы ерекше мамандықтың құпиясын меңгеруге құштар болатын, сондықтан мектеп бітірген соң, ол токарь мамандығына оқуға түсті. №18 КТМ тәмамдаған соң, Олег  әкесімен бір ауысымда жұмыс істейтін Шығыс ЖКБ-на орналасады. Уақыт өткен соң «Ковыльная» станциясына, ал 2004 жылы «Богатырьская» ЖҚД ауысады.

- Қазір мен КЖ-20 дөңгелек жонғыш білдегінде жұмыс істеймін. Онда ОПЭ және ПЭ2М тарту агрегатының дөңгелекті жұптарына балқыма қаптамасынан кейін  жонып өндеу жүргізіледі. Токарь болып мен 20 жылға жуық істеп шықтым, сонда да, бұл мамандық мен үшін ең қызықты болып қала бермек. Бөлшектердің қандай өлшемдерімен конфигурацияларын біз ізбелеп тікпеді десеңші, әр күн сайын  жаңа бір дүние. Барлық жақсы ойдағыдай шығатынына көңілін жайланады.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Адамдар мақалалар тізіміне