Адамдар

Әке көрген оқ жонар

11.05.2018

Теміржол жабдықтарын жөндеу жөніндегі Дирекцияның тойтарушысы Виктор Слободенюктің көңіліне бау-бақша тақырыбы жақын. Ол бұл мамандықты белгілі мақалда айтылғандай әкесінен қабылдап алған. Оның үйінің жанындағы жерде тамаша қызанақтар мен сұрыптық гүлдер жайқалып тұр. Сонымен қатар Виктор Александрович шиншилла тұқымдас ор қояндарды өсіреді.

Қағылез, әрекетшіл және позитивті. Бұл адам бір сәтте орнында тұрмайды. Отырса да оның басында ойлар мен пікірлер үнемі туындап отырады. Ол 1975 жылы көмір кәсіпорнына жұмысқа тұрған сәттен бастап көптеген мамандықтар алып үлгерді. Бұрғылау білдегінің машинисті, электрослесарь, тау-кен жабдықтарын жөндеу жөніндегі кезекші слесарь, сосын кәсіпорындағы ең сирек мамандық – тойтарушыға қайта оқыды, бесінші разрядты бригадир болды, тіпті шебердің кітапшасын да алды.  

- 90 жастағы менің әкем Александр Иванович еңбек майданына қатысқан, Северный ЖКБ-да 44 жыл тойтарушы болып жұмыс атқарды. Менен: - сенде әкең сияқты жақсы жұмыс істейсің бе?- деп сұрағанда, мен: әке көрген оқ жонар – дедім. Содан бастап өз сөзімді ісіммен дәлелдеп келе жатырмын.

Виктор Александрович думпкарларды жөндегеннен басқа ТКЖЖ зауытының кәсіподақ комитетінің төрағасы бола отырып «Богатырь Көмір» компаниясының кәсіподақ істерімен айналысады, ұжымдық шарт бойынша комиссия мүшесінің құрамында.

Алғыс хаттарға, грамоталарға, дипломдар мен сертификаттарға толы папка оның бай еңбектік және қоғамдық қызметін растайды.  Виктор Слободенюктің суреті компанияның Құрмет тақтасында тұрған.  Көмір өнеркәсібінің құрметті жұмыскері мен «Еңбек даңқы» белгісі кавалерінің ерекше мақтанышы «Еңбек даңқы» ордені болып табылады.

- Бұған менің бригадамның еңбегі сіңді. Оларға өзіме сенгендей сенемін. Жігіттерімнен лайықты ауысымды тәрбиелеп шығаруға тырысамын. Мен зейнетке кеткенде олардың осылай жақсы жұмыс істейтіндеріне сенімдімін.

Ол жұмыста ғана емес өзінің үй жанындағы учаскесінде де шебер бригадир және үздік ұйымдастырушы.  Үйінің жанындағы жерде килограмға дейін және одан да көп өсетін ірі тәтті қызанақтар оның «еркелері». Бес немересі үшін Виктор Александрович жұбайы Наталья Валентиновнамен бірге сары черри қызанағын өсіреді.

Гүлзар – Слободенюк отбасының зор мақтанышы. Оның ішіндегі әдемілері – ерекше ұқыптылық пен ықыласты талап ететін сұрыптық раушан гүлдер мен қызғалдақтар. 

- Бұрын алмалары, таңқурайы және бір жинағанда бес литрліктен он төрт шелек шығатын бақша құлпынайының үлкен плантациясы бар саяжайымыз да болған, - дейді учаске қожайыны.  Біздің негізгі көмекшілеріміз-балаларымыз өмірден өз орындарын тауып, қаладан кете бастаған соң оны сатуға тура келді.

Виктор Слободенюк бақша дақылдарын өсіруден басқа шиншилла тұқымдас ор қояндарды өсірумен шұғылданады. Бір жылы ол салпаң құлақтардың санын 500 данаға дейін жеткізген. 

- Мен кішкентай болғанда ор қояндарды менің әкем өсірген. Мен бұл іспен немерелерімнің арқасында айналыса бастадым. Олар бізге келгенде көршінің үйіндегі үй құстарының балапандары шыққан еді, қыздар оларды көруге барды. Ал үйге сыйлық ретінде екі көжекпен оралды.  Оны естіген әріптестерім ор қоян әкеліп берді, осылай біздің фермамыз басталды. 

Қазір үй иелері көктемгі әрекеттерге дайындалуда.

Марина ПОНКРАТОВА

Сурет түсірген Олег МАЛЬЧУК.

 

Адамдар мақалалар тізіміне