Көмір өндіру / Даму болашағы
«Богатырь Көмір» ЖШС-гі 2010 – 2020 жылдар мерзіміне өз алдына мынадай МАҚСАТТАР қойды:
► Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының көмір өнеркәсібін дамытудың 2020 жылға дейінгі мерзімге арналған тұжырымдамасына» сәйкес өндірісті техникалық дамыту арқылы ҚР энергетикасының Екібастұз көміріне деген өсіп келе жатқан қажеттігін қамтамасыз ету;
► Энергетикалық және кен өндіретін қуаттарды кепілді дамыту мәселелерінде мемлекеттік мүдделерді сақтау;
► Екібастұз өңірінде әлеуметтік жағдайды сақтау және оны жақсарта түсу.
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің алдында тұрған МІНДЕТТЕР:
► Кәсіпорынның өндірістік қуатын қолдау және арттыру;
► Энергетиктер мүддесі үшін көмір өнімінің сапасын арттыру;
► Пайдалану шығынын азайту;
► Еңбек өнімділігін арттыру;
► Табиғи тозған құрал-жабдықты алмастыру;
► Қоршаған ортаға зиянды әсерлерді азайту.
Жобалар және инвестициялар
2005 жылдан бастап «Богатырь Көмір» ЖШС-гі «Богатырь» және «Северный» кеніштерінде көмірді сұрыптап, төбесі ашық вагондарға үздіксіз тиеу үшін жер бетіне көмірді тасымалдаудың автомобильдік-конвейерлік технологиясына жоспарлы көшуді жүзеге асыруда.
Автомобильдік-конвейерлік технологияны енгізу кәсіпорынның ағымдағы қуатын сақтап қана қоймай, сонымен қатар Қазақстан мен Ресейдің энергетиктері тарапынан көмірге деген сұраныстың болжамды өсуін қамтамасыз ету үшін көмір өндіруді арттыра түсуге мүмкіндік береді. Бұл технология мыналарға мүмкіндік туғызады:
► Тау-кен жұмыстарын тереңдете түсудің жағымсыз әсерін барынша азайтуға;
► Құрал-жабдық пен технологияларды алмастыру үшін қолданыстағы өндірісті жаңғыртуға;
► Тау-кен телімі шегінде қорларды өндіру тәртібін оңтайландыруға;
► Вагондар айналымы уақытын 2,5 есе азайтуға және составтардың тіркеуін ағытпай-ақ жүкті дәл тиеу процестерін енгізуге.
Көмірді сұрыптап, төбесі ашық вагондарға үздіксіз тиеу үшін жер үстіне көмірді тасымалдаудың автомобильдік-конвейерлік технологиясына көшуге қойылған мақсаттарды орындау барысында:
«Богатырь» кенішінде:
► 2006 жылы компания «Виллибалд – Штрек» атты Германия фирмасымен және «Карагандагипрошахт и К» ЖШС Қазақстандық жобалау институтымен бірлесе отырып «Богатырь» кенішінің қуатын кезең-кезеңмен жылына 40,0 млн. тоннаға дейін арттыру және көмірді сұрыптау үшін автомобильдік-конвейерлік технологияға көшудің техникалық-экнономикалық негіздемесін» әзірледі;
► 2005 жылдан 2008 жыл аралығында компанияның кеніштерінде бір шөмішті экскаваторлар мен ауыр жүк тасымалдайтын самосвалдарды қолдану үшін авто-теміржол технологиясы, сонымен қатар көмірді сұрыптайтын конвейерлік-теміржол технологиясы енгізілді. Бұл – көмірді өндірудің, сұрыптаудың және тиеудің циклдік-толассыз технологиясына көшудің аралық кезеңі болып табылады. Көмір бір шөмішті экскаваторлар арқылы өндіріліп, ауыр жүк тиейтін самосвалдарға (жүк көтерімділігі 90-130 тонна) тиеледі. Ол самосвалдар өз кезегінде көмірді сұрыпталған көмір қаттамаларын құру пунктіне дейін тасымалдайды. Сұрыпталған көмірді қаттамалардан төбесі ашық теміржол вагондарына тиеу роторлы экскаваторлар арқылы жүргізіледі.
► 2008-2010 жылдары «Богатырь» кенішінің циклдік-толассыз технологиясы объектілерін салуға жұмыс мөлшерін әзірлеу үшін көлік сұлбасын қайта құру бойынша 2880 млн. теңге сомасына инвестициялық жоба жүзеге асырылды. (5, 6, 9, 10-участоктар) Бұл жобаны жүзеге асыру мыналарға мүмкіндік туғызды:
- циклдік-толассыз технологиясы объектілерін салуға алаңды әзірлеуге;
- көмір тасымалдаудың орташа қашықтығын 16,2 км-ден (2006 жыл) 12,9 км-ге дейін (2010 жыл) қысқартуға;
- көмір кешенінің теміржолдары ұзындығын 19,4 км-ге қысқартуға және 128 бағыттамалы бұрманы азайтуға;
► 5-участок стационарлық бортында тұрақты ішкі үйінді құру үшін тау-кен жұмыстары фронтын әзірлеу жүргізілуде;
► «Богатырь» кенішінің өндірістік қуатын кезең-кезеңмен жылына 40,0 млн. тоннаға дейін арттыру және көмірді сұрыптап, төбесі ашық вагондарға үздіксіз тиеу үшін 2020 жылға дейін бұл кеніштің жер бетіне көмірді тасымалдаудың автомобильдік-конвейерлік технологиясына толық көшуінің ақырғы кезеңі жүзеге асатын болады. Бұл технологияны қолдану барысында мынадай заманауи жоғары өнімді құрал-жабдықты қолдану қарастырылады: бір шөмішті экскаваторларды, ауыр жүк тасымалдайтын автосамосвалдарды. Сондай-ақ ұсату-қайта тиеу пункттерін, негізгі және көтеретін конвейерлер жүйесін, құрамына қабылдау және жөнелту конвейерлері, қаттама қалаушылар, тиеу машиналары және көмір жіберу айналмалы сұлбасы бойынша теміржол маршруттарының тіркеуін ағытпай-ақ оларға салмағы мөлшерленген көмір тиеу пункттері кіретін сұрыптау-тиеу кешенін салу қарастырылған.
«Северный» кенішінде:
► 2005 жылы авто-теміржол технологиясы енгізілген. Бұл технологияда көмір бір шөмішті экскаваторлар арқылы өндіріліп, ауыр жүк тиейтін самосвалдарға (жүк көтерімділігі 90 тонна) тиеледі. Ол самосвалдар өз кезегінде көмірді сұрыпталған көмір қаттамаларын құру пунктіне дейін тасымалдайды. Сұрыпталған көмірді қаттамалардан төбесі ашық теміржол вагондарына тиеу роторлы экскаваторлар арқылы жүргізіледі.
► 2010-2020 жылдар аралығында «Северный» кенішінің қуаты жылына 10,0 млн.тонна деңгейінде сақталады. Көмірді сұрыптау үшін «Северный» кеніші көмір тасымалдаудың автомобиль-теміржол технологиясына толық көшуінің ақырғы кезеңі жүзеге асатын болады. Қазіргі теміржол станцияларына демонтаж жасап, жаңа теміржол станцияларын салу және 1-участоктың стационарлық бортында тұрақты ішкі аршу үйіндісін құруға тау-кен жұмыстары фронтын әзірлеу үшін көлік сұлбасын қайта құру орындалды. Бұл технологияны қолдану барысында мынадай заманауи жоғары технологиялық құрал-жабдықты қолдану қарастырылады: бір шөмішті экскаваторларды, ауыр жүк тасымалдайтын автосамосвалдарды.
► 2020 жылдан соң көмірді сұрыптау, кеніштің өндірістік қуатын кезең-кезеңмен арттыру үшін оны беті ашық вагондарға толассыз тиеу және 1-участокта тұрақты аршу үйіндісін құру мақсатында көмір тасымалдаудың жаңа технологиясына көшу қарастырылып отыр.