Bogatyr Coal

+7(7187)349 261, 223 031 факс:+7(7187)340 650
Contact Information

Компания туралы

«Богатырь Көмір» - «Богатырь» және «Северный» кеніштерінде ашық әдіспен көмір өндіретін әлемдегі ірі кәсіпорындардың бірі. Компанияның жиынтық өнеркәсіптік қоры 3 млрд тоннаға жуық.

«Богатырь» кеніші жылына 32 млн. тонна көмір, «Северный» кеніші жылына 10 млн. тонна көмір өндіреді. Екібастұз алабындағы өндірлетін тас көмір көлемінің 69% Компанияның үлесіне тиеді.

2002 жылы Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен «Богатырь» және «Северный» кеніші шегінде Екібастұз тас көмір кен орнын игеруге 45 жылға келісім-шарт жасалды.Сонымен бірге Компанияның тау-кен жұмыстарын жүргізуге мерзімі шектелмеген лицензиясы бар.

2006 жылы кәсіпорын халықаралық ISO 9001:2000 және ISO 14001:2004 сертификаттарын алды. Сертификаттау саласы: көмір мен қиыршық тасты өндіру және тасымалдау, тау-кен технологиялық құрал-жабдықтарын жөндеу және қоршаған ортаны қорғауды жүйелі басқару.

Екібастұз тас көмір кен орны Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Екібастұз қаласынан 22 километр жерде орналасқан. Екібастұз қаласының 130 мың тұрғын халқы бар.

Өнеркәсібі: 1-МАЭС және 2-МАЭС Екібастұз станциялары, Евроазиялық энергетикалық корпорацияның «Восточный» кеніші (ENRC).

Павлодар облысы 1938 жылы құрылған. Қазақстан Республикасының солтүстік шығысында орналасқан. Облыс орталығы –Павлодар қаласы. Тұрғын халқы 745 мың. Павлодар облысы Қазақстанның басты индустриалды аймақтарының бірі. Облыста 5 мыңға жуық әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар белсенді жұмыс істеуде. Солардың ішіндегі ең ірілері: «Алюминий Қазақстан» АҚ, «Ақсу ферроқорытпа заводы» АҚ филиалы, ТНК «Казхром», «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ, «Павлодар мұнай-химия заводы» АҚ, «Павлодар машина жасау заводы» АҚ, «Павлодар картон-руберойд заводы» АҚ және тағы басқалар.

Қазақстан Республикасы - Орталық Азия мен Европа аралығында орналасқан мемлекет. Жер аумағы – 2,717300 шаршы метр. Халқы – 15,340 533. Экономиканың негізгі секторлары: энергетикалық, кен өндіру және тау-кен өңдеу өнеркәсібі, аграрлық сектор.